Түркия ресей ұшағын неге атып түсірді?

Ресей қорғаныс министрлігі «Бұл ұшақ Сирияның аспанында болды, түркиялық әуе кеңістігін бұзған жоқ» деген ұстанымда.

Түркияның бас штабы болса, әуе кеңістікті бұзған ресейлік ұшаққа бірнеше рет ескерту жасалғанын, бірақ ұшақтың ол ескертуге құлақ аспағанын, сол себепті атып түсірілгенін мәлімдеді. Премьер-Түркия министрі Ахмет Дәуітұлы бұл жағдайда елдің қорғануға құқығы бар екенін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин болса ресейлік ұшақтың атып түсірілуін «арқадан ұрылған соққы» деп атады. Ресей СІМ Сергей Лавров болса Стамбулға жоспарланған сапарынан бас тартты.

АҚШ және Франция президенттері Барак Обама мен Франсуа Олланд Түркияның түрік-сирия шекарасында ресейлік Су-24 әскери ұшақты құлатып түсіруіне байланысты жағдайдың ушығуы мүмкіндігін ескертті.

«Түркия әрбір мемлекет секілді өзінің аумағын және әуе кеңістігін қорғауға құқығы бар»- деп мәлімдеді Барак Обама 24 қарашада Ақ үйде Франсуа Олландпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында.

«Қазір ресейлік тарап болсын, түркиялық болсын бір-бірлерімен келіссөз жүргізіп, мән-жайды анықтап, жағдай ушығып кетпеу үшін шара қолданулары қажет», — деді Обама. Ал франсуз президенті өз кезегінде «Біз жағдайдың өршуіне жол бермеуіміз керек, бұл бүлдіруші күш», — деп атап өтті.

АҚШ президенті Барак Обама АҚШ пен Франция терроризммен күресте «тұтас» екенін мәлімдеп,»Ислам мемлекеті» (ИМ) және оның идеологиясы «барлығымызға қауіп төндіреді» деді.

Олланд болса террористердің Еуропаға кіруін алдын алу үшін Түркия мен Сирия арасындағы шекараны тез арада жабу керектігін айтты. Ол сонымен бірге Обамамен ИМ-ға қарсы Сирия мен Иракқа жойқын соққы беруді үдетуге келіскендерін жеткізді.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир ПутинТүркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады. «Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді», — деп мәлімдеді Путин.

Ал, Шешенстан президенті Рамзан Кадыров болса өзінің Instagram парақшасында «Түркияның бұл іске әлі-ақ өкінетініне еш күмәнім жоқ. Достық пен ынтымақтастықты қалайтын ел мұндай зұлым әрекетке бармас болар» деп жазады.

«Шешенстан республикасы, шешен халқы және мен өз басым Ресей президентінің тапсырмалары мен бұйрықтарын орындауға әзір екенімді айтқым келеді. Ол үшін біздің ерік-жігеріміз, ерлігіміз жетеді. Біздің кез келген тапсырманы орындайтын еріктілеріміз бар. Біз бұйрықты орындауға дайынбыз!» дейді Кадыров.

Осы оқиғаға қатысты Түркия елінің көшбасшысы Ердоған болса: «Біз бұл жағдайды қаламадық, бірақ Түркияның өз шекарасын қорғауына деген құқығын барлығы құрметтеуі керек. Белгісіз әскери нысан біздің әуе кеңістігімізге кіріп кетті, бес минуттың ішінде оған он ескерту жасалды, бірақ олар тыңдамады. Біз қатерлерге қатысты әрекет етудің ертеде жария етіп, қабылдаған ереже бойынша қатаң түрде әрекет етуге шешім қабылдадық», — деп мәлімдеді.

Ресейдің Ульяновск қаласының тұрғындары Efes сыра әзірлеу зауытының аймағында ілінген Түркия туын шешіп алып, оған жұмыртқа лақтырды. Тұрғындар осылайша ресейлік Су-24 ұшағын құлатқандарға наразылықтарын көрсеткен деп жазады LifeNews.

ДереккөзAbai.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

3 маусымда Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Omir жаңа музыкалық бейнебаяны көрсетілді. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Анкараға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайып Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Ыстық күннен қалай қорғанамыз? Түрлі ел тұрғындарының 5 әдісі

Жаз - сөмкеңізді жинап, түрлі шытырман оқиғаға жол тартатын уақыт. Дегенмен биылғы бұл маусым ыстық болатын сияқты. Сол себепті ыстық күннен қорғанудың ең қарапайым бес әдісін ұсынамыз.

Министр: Биыл астық түсімі 16 миллион тонна көлемінде болады

Биыл шілде-тамыз айларында батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қалыпты нормадан сәл аз болады. Бұл туралы ауыл шуаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.