Келешекте пәтер иелері өз мекенжайына тіркелген адамдар саны туралы хабарлама ала алады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта деректер базасында мекенжайды тіркеу коды бойынша мекенжай мәліметтері еліміздің 8,7 миллионға жуық азаматында бар, сонымен бірге «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркеу есебінен шығару бойынша қызмет енгізіліп жатыр. Бұл әрбір жылжымайтын мүлікке «электрондық үй кітапшасын» ашуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта өзінің мекенжай мәліметтерін әр азамат қана емес, тұрғын үй иесі де ХКО немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіне отырып оның мекенжайында тіркелген адамдарға да ала алады, — делінген министрліктің хабарламасында.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мекенжай бойынша тіркелгендер туралы анықтама беру кезінде мәселелер де туындап жатыр. Анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар да (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге кеткендер) көрсетіліп жатады.
Бұл мәселелер өтпелі кезеңде пайда болды және бұл уақытша сипатқа ие. Осыған байланысты қайтыс болғандарды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге қазіргі уақытта баспана иелеріне «электрондық үкімет» порталы, SMS-хабарлама, мобильдік қосымша, төлеу терминалдары, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртек және жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу-сату шартын рәсімдеуші нотариус арқылы тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабарлайтын сервис әзірленіп жатыр.
Тұрғын үй иесі үйінде тұрмайтын адамдарды ХКО, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сонымен бірге «электрондық үкімет» порталының мобильдік азаматтар базасында тұрғын үй иесінің мобильдік телефон нөмірі тіркелген жағдайда бірреттік парольдің көмегімен тіркеуден шығара алады.