Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Украина үшін уайымдайтынын айтты.
Қазірдің өзінде Путинде, Ресейде Украинаның шығыстағы жерін басып алу ниеті жоқ екенін білемін. Оның керегі не? Ресейде онсыз да әлемдегі ең үлкен аумақ бар, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Украинаға қатысты барлық түйткілдің тез арада шешілуін қалайтынын айтты.
Ресей мен Украинаның арасында болған, бәріміздің арамызда болған бұрынғы қатынастардың қалпына келгенін қатты қалаймын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің айтуынша, мемлекет басқаратын тұлғалардың өзара тату қарым-қатынаста болуы кез келген елдің дамуы үшін аса маңызды. Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен үнемі ашық диалог жүргізетінін айтты.
Мен онымен өте жақын араласамын, ашығын айтқанда, түрлі тақырыпты талқылаймыз, ол қазір — жан-жақты дайындалған адам, әлемдік саясатты, өзара қарым-қатынастарды жақсы білетін және, әрине, Ресейдің ұлы патриоты. Ресейдің мүддесіне келсек, ол оны бар жан-тәнімен қорғайды. Бүгінде Ресейді онсыз елестету мүмкін емес. Оның саясатқа келгенде қандай мұраға ие болғаны есімізде ғой, — деді Қазақстан Президенті.