Байқауда еліміздің намысын 4 әскери қызметкер қорғайтын болады. Олар: аға сержант Рустам Сәтжанов, сержант Олжас Ермеков, кіші сержанттар Тұрар Тілегенов пен Людмила Губарева.
Людмила биатлоннан спорт шебері. Оның Қазақстан чемпионы, жазғы биатлоннан аймақтық біріншіліктің жеңімпазы, ҚР Қарулы Күштерінің арасында өткізілген Президент көпсайысында бірінші орын иегері, биатлоннан Әлем чемпионатының қатысушысы атты жетістіктері бар.
Байқауға аттанған топ 2015 жылы аталған байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Соған қарамастан Сәтжанов бастаған сержанттар тобы еліміздегі іріктеу сынына қатысып, үздік нәтижелері арқылы биылғы байқаудың да жолдамасын иеленді.