Алматының Наурызбай ауданында 13 қарашадан бастап бюджеттік мекеме қызметкерлерінің арасында «7-20-25» және «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламаларын түсіндіру жұмыстары басталады.
Qazaq stroy, BI Group және Тұрғын үй жинақ банкі сияқты екінші деңгейлі банктер мен құрылыс компаниялары өкілдерімен бірлесіп аудан мекемелерінде 9 кездесу өткізілді.
№157, №174, №1 , №7 мектептері, «Ақсай» УК, №26, №186 мектеп, №27 мектеп қызметкерлеріне «Президенттік бес әлеуметтік бастамасындағы» «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болатыны туралы түсінік берілді. «Шұғыла» ТК -де 5 медицина қызметкері үй алып үлгерген.
Түсіндірме жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады.