Басты бет Жаңалықтар Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанның ауа райына Сібір антициклоны әсер ететінін хабарлады.

Фото: Pic2.me

«Қазгидромет» РМК мамандары 6-8 желтоқсанға арналған болжамды жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері қыс мезгіліне тән кең және күшті антициклон Краснояр өлкесінің оңтүстігіне ығысып, оның батыс бөлігі Қазақстанның батыс облыстарынан басқа өңірлердің ауа райына әсер етеді.

Әдетте суық және жауын шашынсыз ауа райы антициклонға байланысты, сондықтан алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан бұл өңірлерде арагідік жауын шашын, көктайғақ болып, ауа температурасының шамалы көтеріледі, — деп хабарлады «Қазгидромет».

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version