Басты бетЖаңалықтарҰлттық құдылықтар туралы мақалалар арасында байқау жарияланды

Ұлттық құдылықтар туралы мақалалар арасында байқау жарияланды

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық порталында «Дін мен дәстүр» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты тақырыпта мақалалар байқауы жарияланды.

Дін басқармасының байқауды ұйымдастырудағы мақсаты — қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, сырттан келіп жатқан түрлі діни ағымдардың салт-дәстүрді жоққа шығаруы сияқты қауіпті үрдістердің себеп-салдарын ашып көрсету, ұлттық құндылықтарымыздың мән-мағынасына, мазмұнына үңілуге талпыныс жасау.

Жеңімпаздарға арнайы медальдар және бағалы сыйлықтар беріледі.

Байқауға материалдар 5 қараша сағат 9.00-де бастап, 25 қараша сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Үздік мақала жазғандар қарашаның соңында өтетін Естай Беркімбайұлының шығармашылығына арналған концертте марапатталады.

Сонымен, мақалаға қойылатын талаптар:
— Көлемі 7 беттен аспауы керек;
— Әріпі 14 шрифтпен, 0,5 интервалмен жазылуы тиіс;
— Автор мақалаға толық аты-жөнін, фотосын, телефон нөмірін қосып, qazadyr@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да