Астанада жас ақындар Тұңғыш Президентке жыр арнады

Астанада жас ақындар Тұңғыш Президент күніне арналған шығармашылық конкурсқа қатысып, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін жырға қосты.

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақындардың өлеңдерінде Мемлекет басшысының қазақстандықтарды біріктірудегі, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы және оның елімізді көп жетістікке жеткізудегі дана шешімі туралы айтылды.

Байқауға қатысушы Азамат Қайырбеков «Елбасыға!» атты өлең жазған. Онда ол Президентке көп алғысын білдіріп, табыс, мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеген.

Біздің құрдастарымыз Тұңғыш Президент күнінің қаншалықты маңызды екенін түсінуі тиіс. Осы күні біз Елбасының стратегиялық ойы мен көрегендігінің арқасында болашаққа нық қадам басып келе жатқанымызды түсінеміз. Біздің Президенттің сөзіне алпауыт елдердің басшылары құлақ асады. Ол — Елбасының әлемдік аренадағы беделінің көрінісі. Қазақстан қарыштап дамып келеді, ол ең алдымен Президенттің еңбегі. Бұл мереке — Отанын сүйген әр қазақтың, ұлттың мерекесі, — деді Азамат Қайырбеков.

Еске сала кетейік, жас ақындар арасындағы республикалық байқауды Астана қоғамдық даму істері басқармасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырған еді. Шығармашылық сайысқа 400-ге жуық ақын қатысты.