Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру аясында барлық мемлекеттік ұйымда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекақысы аз лауазым санаттарының жалақысын көтереді.
Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілерге тиесілі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың 17 мың қызметкері және экономикалық енгізуге құқылы мемлекеттік мекемелердің 174 мың қызметкері бар.
ДСМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалақыны көтеруге арналған шығыстарға қажеттілік (еңбекақысы аз лауазым санаттары) — 27,2 миллиард теңге.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны көтеруге қаржыландыру «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы медициналық қызметтердің барлық түрлеріне арналған тарифтерді ұлғайту арқылы көзделген.
Еңбекақысы аз лауазым санаттарына жалақыны төлеу мониторингісі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізілмек.