Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында еріктілер слеты өтеді

Талдықорғанда 7 желтоқсанын күні жаңа форматтағы еріктілер слеты өтеді. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 250-ге жуық ерікті қатасады деп жоспарланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды.

«Дос.kz» әлеуметтік-еріктілер қоғамдық бірлестігі, Қазақстан ұлттық еріктілер желісі серіктестігімен, ҚР Азаматтық қоғамдық әлеуметтік дамыту министрлігі, АҚ комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Еріктілер қызметінің рөлі мен дамуына бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру» жұмыстары ұйымдастырылған.

Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер үшін, оқыту семинарларын өткізу арқылы Қазақстандағы еріктілер қызметі мен рөлін дамыту.

Жоба аясында сарапшылар Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астанада «Еріктілер инфрақұрылымының дамуы» туралы сауалнама жүргізіп, семинар-тренингтер өткізді. «Дос.kz» әлеуметтік-еріктілер орталығының директоры Лариса Котелникованың айтуынша, аталған аймақтарда ерікті болуға қызығушылар көп.

Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін, біз Қазақстанда ерікті болуға қызығушылық көп аймақтарды таңдап алдық. Әрине, Алматы облысы бұл арада көш басында. Сол себепті де 7 желтоқсанда Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен слет өткізбекшіміз. Ол мүлдем өзгеше, жаңа форматта өтеді. Осы сала майталмандары саналатын 10 спикерді шақырып отырмыз,- дейді ол.

Слетқа Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк, «СИРИУС» дебат клубының жетекшісі Дастан Аққожа, «Қызылорда еріктілері» директоры Ольга Чебакова және тағы басқа қонақтар арнайы шақырылған.

Шарада бұдан бұрын жарияланған еріктілер байқауының нәтижесі анықталып, «үздік еріктілер», «үздік волонтерлік топ» және «үздік волонтерлік жоба» номинациялары марапатталады.