мұсылмандар
Көрнекі сурет

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановтың сөзінше, соңғы жылдары Қазақстанда болған террорлық актілер салафизм секілді радикалды топтардың ісі болуы мүмкін. Дін істері комитетінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 15 мыңдай адам салафизм идеясына ерген.

Дін мамандарының айтуынша, салафизм бағытын ұстанушылар мемлекеттің негізгі заңнамаларын, тіпті ата заңын да мойындамайды. Сондықтан бүгінде дін туралы заңға өзгертулер енгізілу үшін бірқатар құжаттар әзірленуде

«Бұл 2011 жылыда өзектілігін көрсеткен болатын. Заң тұрғыда тыйым салу дұрыс деп есептейміз, керек те. Салафизмнің немесе уахавизм қазақ халқының болашағына, келешегіне ешқандай тигізер пайдасы жоқ. Бұл бағытты ұстанатын адам қазақ халқының ұлттық танымын салт-дәстүрін ешқашан мойындамайды», — деді ҚМДБ маманы Бауыржан Әлиұлы.

Айта кетейік, Қазақстанда салафизм ағымына тыйым салу мәселесі Ақтөбедегі лаңкестік оқиғадан кейін қызу талқыланып жатыр. 7 адамның өмірін жұтқан терактінің артында салафилердің тұрғанын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтің өзі де айтты. Бүгінде Қазақстанда тыйым салынған ағымдардың қатарында “Хизб-ут Тахрир”, “Таблиғи-жамағат”, “ат-Такфир уәл-Хиджра” сынды діни ұйымдар бар.

1 пікір

  1. Не бутында не устинде киім жоқ. Тыр жаланаш. Ишкени арак, тартканы темеки, ким корингенмен кошеде кушактасып батыска еликтеп динсиз надан болгандары есинде жок. Оздерин дастурди устап журсиндер ма? Не айтып тургандарына оздерин сенесиндер ма немесе оздерин билмейсиндер ма? Динен хабары жок оздеринин, билгишсинип дин туралы талкылап отыр. Интернеттин батырлары. Сендер алдымен оздерин ушин жауап берип алындар. Халык ушин басынды ауыртпа оз басынды дурыс алып журе алмай жургендерин естеринде жок. Кой сиякты кайда айдаса сол жака кете бермендер. Ким осек айтса осекши болып артынан ере бересиндер катын уксап. Сакалы жок еркектерин ертен батыстагы сиякты бир биримен жатса тан калмаймын. Еркектер катынданып барады иектери жалтырап катын уксап осек айтып.

Comments are closed.