«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» атты республикалық акция басталды. Астана әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.
Астана әкімдігі, ұлттық еріктілер және қалалық ПД ЖПҚ бірлесіп ұйымдастырған шарада балаларға арналған шебірлік сабақтары өтіп, жас ұжымдар өнер көрсетіп, Mega silk way СО келушілер арасында ағарту жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар акцияның инстаграм рамкасына суретке түсіп, оны өзінің парақшасына #Услышьтеменя хештегімен жариялды.
Бізге әлі де әйелдерге қарсы көрсетілетін зорлық-зомбылықтын ауқымы белгісіз. Қорқыныш, адамдардың сеніміне күдік білдіру, ұялу деген түсінік зорлық көріп жүрген миллиондаған әйелдерді өзінің шерін тарқатуға кедергі келтіріп, үрейді күн сайын бастан кешіруге мәжбүрлейді, — дейді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директоры Фумзиле Мламбо-Нгкука.
Акция ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті насихаттайды.