Астанада құлақтандыру жүйесі тексеріледі

22 қарашада Астананың Төтенше жағдайлар департаменті электродабылдарды қосу және теле-радио арналарын пайдалану арқылы қаладағы құлақтандыру жүйелерін тексереді. ТЖД баспасөз қызметі тұрғындарды үрейленбеуге шақырып, тексерістің сағат 09:55-те болатынын хабарлады.

Төтенше жағдай болғанда немесе төтенше жағдайдың болуы мүмкін кезінде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Ол «Барлығының назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естігенде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) нұсқаулар мен ақпарат алуы үшін қосуы керек.

Астананың Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады.