Басты бет Жаңалықтар «Юг» аймақтық басқармасында үздік сержанттар мен жауынгерлер анықталды (фото)

«Юг» аймақтық басқармасында үздік сержанттар мен жауынгерлер анықталды (фото)

"Юг" аймақтық басқармасының 21450 әскери бөлімшесінде үздік сержанттар мен жауынгерлерді анықтауға арналған байқау аяқталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға барлығы 107 қатардағы жауынгерлер мен сержанттар қатысты. Олар «Даярлық», әскери-спорттық жарыстан тұратын «Қайсар», мергендік сыналатын «Мерген», әскери көліктерді басқару шеберлігіне арналған «Тұлпар» және әскери-медициналық даярлықты шыңдайтын «Денсаулық» атты кезеңдерден өтті.

Байқау қорытындысы бойынша 35748 әскери бөлімше І орынды, 21450 ә/б ІІ орынды, 66597 ә/б ІІІ орынды еншіледі.

Шараның мақсаты – әскери шеберлікті арттыру, сержанттар мен жауынгерлердің кәсіби әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

Әскери ойындар

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version