Қазақстан премьер-лигасы футболшыларының орташа жалақысы қанша?

Vesti.kz басылымы Sporting Intelligence сайтының мәліметі бойынша 2018 жылғы әлем футболындағы орташа жалақы жөніндегі статистиканы ұсынды.

Басылымдардың мәліметінше, әлем футболы бойынша орташа есеппен ағылшын премьер-лигасында жалақы жоғары болып шықты. АПЛ-дың бірінші командасының футболшылары орташа есеппен жылына 3,93 миллион доллар жалақы алады.

Жоғары жалақы жөнінен алғашқы үштікке испан Ла Лигасы (орташа жалақы мөлшері — 2,89 миллион доллар) мен итальянның А сериясы (1,99 миллион доллар) кіреді.

Қазақстан премьер-лигасы бұл тізімнің 25-орнында. Негізгі құрам футболшылары орташа есеппен жылына 148 мың доллар алады, бұл — 55 миллион теңге. Жалақы мөлшері жөнінен Қазақстан біріншілігі Оңтүстік Корея, Австралия, Польша мен Хорватиядан жоғары тұр. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Sporting Intelligence мәліметі бойынша ең жоғарғы орташа жалақысы бар топ-10 лига:

1. АПЛ (Ұлыбритания) – 3,93 миллион доллар;

2. Ла Лига (Испания) – 2,89;

3. А сериясы (Италия) – 1,99;

4. Бундеслига (Германия) – 1,83;

5. Лига 1 (Франция) – 1,3;

6. Суперлига (Қытай) – 1,05;

7. РПЛ (Ресей) – 877 мың доллар;

8. Суперлига (Түркия) – 864;

9. А сериясы (Бразилия) – 670;

10. МЛС (Канада, 3 клуба) – 519.