Басты бет Жаңалықтар Арыстанбек Мұхамедиұлы: Президент мақаласын іске асырумен тікелей айналысамыз

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Президент мақаласын іске асырумен тікелей айналысамыз

"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру үшін Мәдениет және спорт министрі ведомство мамандарына тапсырмалар берген.

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Primeminister.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы бастамаларды іске асыру жөнінде пікір білдірді.

Елбасының өткен жылы жариялаған «Рухана жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын тереңірек насихаттап, зерттеуге бағытталған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы — ауқымды тарихи құжат. Бұл бірегей әрі біздің жұмыс істеу керек бағытымызды нақты айқындап берген мақала болып отыр. Оны тікелей жүзеге асырушы — біздің ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. Алтын адам болсын, кино саласы, энциклопедия, музей болсын, мұның барлығы — біздің органның құзырында, — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр қазіргі уақытта мақаланы жүзеге асыру бойынша ведомство қызметкерлеріне нақты тапсырмалар бергенін айтты.

Бір аптаның ішінде әр бағытқа концепция жасақталады, ұсыныстарды қабылдаймыз, бекітілгендері нақты жоспарға кірістіріледі. Мен Елбасына бірегейлігімен ғана емес, тарихи құндылығымен ерекшеленетін аталмыш мақаласы үшін үлкен алғыс білдіргім келеді, — деді министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version