Басты бетЖаңалықтарИммун тапшылығы...

Иммун тапшылығы синдромын сілекей арқылы анықтауға болады

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және оған қарсы күрес орталығы адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) анықтауға арналған жедел тестілеудің жаңа әдісін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі ЖИТС-ға қарсы күрес және оның алдын алу республикалық орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Тестілеу бізде жоғары сапада жүргізіледі. Біздің орталық нәтижелердің сенімділігіне кепілдік береді. Жыл сайын халықтың кем дегенде 10%-ы тексерістен өтуі қажет. Қазір сілекей арқылы АИТВ-ны анықтау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр, — деді ЖИТС-ға қарсы күрес және оның алдын алу орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов.

Болашақта Республикалық орталық Денсаулық сақтау министрлігімен бірге үкіметтік емес ұйымдардың жедел тестілеуіне мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыруға ниетті.

Дәлірек айтқанда, жүктілікті анықтау сияқты әрбір адам өз мәртебесін жылдам біле алады, — деді Сәбит Әбдірайымов.