Ұлттық банк ақша-несие саясатын қатайтуы мүмкін

Ұлттық банк екінші дәрежелі қаржы ұйымдарын қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Ұлттық банк
Фото: Nationalbank.kz

ҚР Ұлттық банкі мұнай бағасы төмендеген кезде еліміздің 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын өзгертеді. Бұл туралы Данияр Ақышев Үкімет отырысында айтты.

Болжамдардағы теңгенің айырбас пункттеріндегі есептесу мәні біз үшін бағдар бола алмайды. Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің өзгермелі айырбас бағамын сақтайды, – деді ол.

Данияр Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банктің инфляция бойынша ортамерзімді мақсаты 4% шамасындағы деңгей бола береді. Инфляцияның 2019 жылғы дәлізден шығып кету қаупі сақталады.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, инфляция деңгейінің өсуін болдырмау үшін ақша-несие саясаты одан әрі қатайтылуы мүмкін. Сонымен бірге базалық мөлшерлеме көрінісі экономиканың ұзақмерзімді өсу қарқынынан асып кетпеуі керек.

Қазақстанның Ұлттық банкі банктерді сауықтыру мен олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады. Бұл шаралар, “7-20-25” бағдарламасын іске асыру мен банктерге 600 миллиард теңге шамасында өтемпаздық ұсыну банктердің несие бойынша белсенділігінің артуына ықпал етеді, – деді Данияр Ақышев.