Samsung Electronics компаниясы ұялы телефон батареясының жарылу қаупі болғандықтан Galaxy Note 7 гаджетінің сатылымын тоқтатты. Себебі мұндай батареялар смартфонның өздігінен жарылып кетуіне әкелуі мүмкін. Енді компания екі апта ішінде сатылып кеткен смартфондардың батареяларын ауыстырумен айналысып жатыр. Ал, смартфондардың қайта сатылымға қашан шығатыны әлі белгісіз.