Басты бетЖаңалықтарПолиэтилен пакеттерді...

Полиэтилен пакеттерді қолданудан қашан толық бас тартамыз?

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Қазақстанның полиэтилен пакеттерді қолданудан қай кезде толық бас тартатынын айтты.

Біз біртіндеп полиэтилен пакеттерді қолданудан жүйелі түрде бас тартуымыз қажет. Бұған уақыт қажет болады. Оған балама болатын нәрсе ойлап табуымыз керек. Біз өте маңызды қадам жасадық — супермаркеттерде полиэтилен пакеттердің тегін таратылмауына қол жеткіздік. Жасалып жатқан Экология кодексінің аясында бұл мәселенің шешімін қарастырамыз, — деді Сәбит Нұрлыбай Сенат отырысының сыртында.

Вице-министр полиэтилен пакеттерді қолданудан толық бас тарту мерзімін арнайы жұмыс тобы шешетінін айтты. Бұл шамамен 5-10 жылдан соң болуы мүмкін.

ДереккөзTengrinews.kz