Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 16,2%-ға ұлғайды

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 16,2%-ға ұлғайды

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,8 миллионға жетті.

Зейнетақы. Фото: Kapital.kz

Елімізде салымшылардың зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-қазанда 1 261,8 миллиард теңгеге (16,2%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 9 042,5 миллиард теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылдың басынан қазан айына дейін зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 715,5 миллиард теңгеге ұлғайып, 1 қарашада 3 490,4 миллиард теңгеге жетті.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,8 миллион болды.

Қаңтар-қазан айларында зейнетақы төлемдерінің сомасы 143,4 миллиард теңгеге жетті.

2018 жылғы 1 қарашада БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі бұрынғыша ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 49,1%-ы және 23,7%-ы) тиесілі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version