Назарбаев «Самұрық-Қазына» холдингі жойылып кетуі мүмкін екенін ескертті

«Қазір ең бастысы – мемлекеттік сектордағы нысандарды жекелешендіру туралы шектеуді алып тастау керек. «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның бірқатар тармақтары мен Азаматтық кодекстің бірқатар жағдайларын қайта қарап, жекешелендіуге жатпайтын, стратегиялық нысандардың тізімін қысқарту керек. Үкіметке  мемлекеттік меншіктегі барлық ұйымдарды, соның ішінде «Самұрық-Қазына»,  «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингтерінің барлық ұйымдарын қамтитын жаңа жекешелендіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Жекешелендірілген соң, осы үш басқарушы холдинг шығыны аз, тас-тұйнақтай ұйымдарға айналуы керек. Егер, олай болмаса, оларды жою керек», – деп қадап айтты мемлекет басшысы.

Бұл ретте, елбасы жекешелендіру әділ, ашық әрі бәсекелі түрде өтуі керектігін ескертті.