Алматының денсаулық сақтау және білім саласы цифрлық форматқа толық ауысуға дайындалып жатыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, цифрлық формат жемқорлықпен күресті жеделдетеді. Бұл туралы ол Алматының сыбайлас жемқорлықты болдырмайтын цифрлық шешімдерін енгізу барысымен танысқанда айтты.
Агенттік төрағасы мегаполистегі салалардың цифрлану қарқынына көңілі толғанын айтты. Қазіргі уақытта халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтер көлемі 5 миллион доллардан асты. Оның 80%-ына электронды форматта қызмет көрсетілді.
Алик Шпекбаевтың айтуынша, Алматының барлық мектептерінде 400 мыңнан астам оқушы қолданатын электронды күнделік енгізілген. Ол тұрмыстық жемқорлықты азайтады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы ЖОО-ның оқытушыларына арнап адалдық, парасаттылық және салауатты қоғам туралы айтып, ескерту жасады.
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде сіздердің қолдауларыңызды күтеміз. Сіздер жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырушысыздар. Егер өскелең ұрпақтың негізгі құндылықтарының бірі ретінде академиялық адалдықты қоятын болсақ, алдағы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесі жақсаратынына сенемін.