11 жастағы қыз қазақ тілінен сабақ беріп жүр

Машаның анасы қатты науқастанып, жұмысқа жарамай қалған. Үйдегі тұрмыс ауыртпалығы енді оның да иығына түсіпті.

«Отбасымыздағы қиындықтар мен ауырғаннан кейін басталды. Маған ол кезде «қуық безінің бастапқы кезеңдегі рагы» деген диагноз қойылған болатын. Біз тұратын ауылдық жерде уролог-маман жоқ, тіпті, ауданда да маман тапшы. Салдарынан жата беріп, жүре алмайтын дәрежеге жеттім. Қиналғанымды көрген қызым Вознесенский шіркеуіне барыпты. Онда ол қайырымды жанмен кездесіп, әлгі кісі маған Алматыдағы урология институтына барып қаралуыма көмектесті. Тексерістен кейін менде рак ауруының жоқ екені анықталды. Әрине, қуанышты хабар болса да менің денсаулығым жұмыс істеуге жарамайтын. Осының бәрін көріп-білген қызым бар ауыртпалықты өз мойнына алды, ол сыныптастарына қазақ тілін үйретіп, қазір ақша тауып жүр», — дейді Татьяна Дидьяева.

Науқас әйелдің айтуынша, Мария өте дарынды және алғыр қыз. Ол мектептегі тапсырмаларды лезде орындап тастайды. Әсіресе, гуманитарлық бағыттағы пәндерді жақсы оқиды. Машаның IQ деңгейі 180-ді құрайды, бұл 18-ден асқан ересек адамдардың максималды көрсеткіші.

«Қызым әрдайым жаңа дүниелерді оқып-зерттеп жүреді, белгілі бір межеге жетіп, тоқтап қалған емес. Ол қазірден бастап өзінің болашағын жоспарлап қойған. Арманы шет мемлекеттерде болып қайту. Сол үшін шетел тілдерін үйреніп жүр. Ал басты арманы – балалар нейрохирургы болу», — дейді дарынды қыздың анасы.

ДереккөзBnews.kz