2019-2022 жылдары шылым бағасы қанша болады?

Үкімет 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықтан 2022 жылдың 1 шілдесінен кейінгі кезеңге арналған бағаны бекітті.

Шылым
Фото: Dpchas.com.ua

Қазақстан Үкіметі 2018 жылдың 16 қарашасындағы қаулысымен 2007 жылғы 4 сәуірдегі “Сүзгілі, сүзгісіз темекілер мен папиростардың бөлшек саудадағы ең төменгі құнын белгілеу туралы” қаулысына өзгеріс енгізді.

Құжатқа енген түзетулер бойынша темекінің 20 талдан тұратын қорабының бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы былай белгіленеді:

2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 360 теңге;

2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 30 маусымына дейін – 380 теңге;

2019 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 400 теңге;

2020 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 30 маусымына дейін – 420 теңге;

2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 440 теңге;

2021 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін – 460 теңге;

2021 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 480 теңге;

2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 30 маусымына дейін – 500 теңге;

2022 жылдың 1 шілдесінен 520 теңге.

Үкіметтің қаулысы ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Еске салайық, Қазақстанда алдағы жылдары барлық қоғамдық орында шылым шегуге тыйым салу көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексі жобасында айтылады.