Назарбаев: Біз теңгемен өмір сүретінімізге бәрі үйренуі керек

«Бәріміз ұлттық валютаға сенім артуымыз керек. (…) Қаражатпен өмір сүру – біздің тексерілген қағидаларымыздың бірі… Ауруханалар – ірі сарай, мектептер – сарай, балалар бақшасы бассейнмен салынды, енді бюджет түсімі қысқарды және мемлекет, сәйкесінше шаралар қабылдауда», — дейді президент.

Мемлекет басшысы бәрімізге теңгемен өмір сүруге үйрену қажет екенін алға тартты.

«Біз теңгемен өмір сүретінімізге бәрі үйренуі керек. Нанды теңгеге аламыз, шұжық пен сүт те теңгеге сатылады. Киім де теңгемен. Доллар шетелде киінетіндерге қажет. Не болмаса импорттық тауарлар үшін. Ақшаны, депозитті теңгемен сақтау тиімді, пайыздары көбірек. Доллармен депозиттерде пайыздары өте төмен. Сөз қорымызға теңгені қосып, теңгемен өмір сүрейік. Сол кезде тыныштық болады, өзімізге және елімізге осылай қолғабыс боламыз», — деп жалғастырды Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында.

Президент бірыңғай зейнетақы қорын бақылау құқығын да сөз етті.

«Ұлттық банктің бақылауынан Бірыңғай зейнетақы қорын, күрделі несиелер қорын және өзге де қаржылық иснтитуттарды алып тастау керек. Салықты өсіру – жағдайды шешудің амалы емес, бұл тек бизнеске салмақ түсіру. Ұлттық қордың қаражатын ағымдағы шығындарға жұмсауды тоқтату керек», — дейді Назарбаев.

Мемлекет басшысы осы орайда үкіметке тапсырмалар берді.

«Үкіметке Ұлттық қордың жаңа концепциясын құруды тапсырамын. Барлық шығыс пен кірістің мемлекеттік жүйесін қайта қарау керек. Оңды-солды таратылған тиімсіз салық жеңілдіктерін алып тастау керек. Үш салықты: ортақ салық, жеке кәсіпкерлер салығын, ауылшаруашылық қызметкерлері үшін арнайы салықты ғана қалдыру керек», — дейді президент.