Басты бетЖаңалықтарДемалыс күндері...

Демалыс күндері жылы болады

«Қазгидромет» 17-19 қараша күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, ауқымды және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігінде әлі де суық ауа райын ұстап тұрады. Ең төменгі түнгі ауа температурасы 10-18 градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20-28 градус аяз болған еді. Бұл климаттық нормадан 8-15 градусқа төмен.

Енді Батыс Сібір және Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжитын атлантикалық циклондардың әсерінен Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа келе бастайды. Сол себепті демалыс күндері температура жоғарылауы мүмкін, сонымен бірге кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз болады, температура жоғарылайды, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде, әсіресе, таулы аймақтарда қар жауады.