Басты бет Жаңалықтар Бір жылда Қазақстанда халық саны 237 мыңға артты

Бір жылда Қазақстанда халық саны 237 мыңға артты

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті. 

Фото: Kapital.kz

Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар 10 597,2 мың (57,8 пайыз) және ауыл тұрғындары 7 737,1 мың адам (42,2 пайыз) болды.

«2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп өсім республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкентте 67 429 адам, Алматыда 55 139 адам және Астанада 40 113 адам тіркелді», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version