Қазақстан ұлттық валютасы — теңгенің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильм жарыққа шығады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізіліп жатыр, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылып отыр, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады.
«Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің премьерасын 2018 жылғы 15 қарашада «Хабар» телеарнасында мемлекеттік тілде 17.30-да, орыс тілінде 15.00-де, сонымен бірге KazakhTV телеарнасында орыс тілінде 21.20-да көруге болады.