Қазақстанның Ұлттық банкі Fingramota.kz сайтының іске қосылғанын хабарлайды. Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы сауаттылығы — адамның қаржылық әл-ауқатын көтеруге және осы деңгейде өмір бойы қалуына мүмкіндік беретін білім.
Қаржылық тұрғыдан сауатты адам өзінің кірістері мен шығыстарына қатысты шешімдерін саралап, ақылға салып қабылдайды, қаржы әлемінен хабардар болады, қаржылық қызметтерді оңтайлы таңдайды, қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде өз құқықтарын біледі.
Fingramota.kz сайты (http://fingramota.kz/kz/) қаржы нарығының қатысушылары мен журналистерге ғана емес, өзінің бұл жағынан сауаттылығын арттырғысы келетін көптеген оқырманға пайдалы болады.
Сайтта 8 бөлім бар: «Ұлттық валюта», «Депозиттер», «Кредиттер», «Сақтандыру», «Отбасы бюджеті», «Төлемдер мен аударымдар», «Нормативтік құқықтық база», «Зейнетақы жүйесі». Fingramota.kz сайтында валюталардың жаңартылған бағамдары, қаржы жаңалықтары, қаржылық сауаттылық жөніндегі бағдарламалар берілген бейнегалерея және басқалары бар.
Қазіргі кезде Fingramota.kz сайты әзірленіп, дамытылып жатыр, бұл ресурста әлі де көптеген қызықты да пайдалы кеңес, пікіртерімдер, фото және бейнематериалдар жарияланады.