Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Ізеттілік кілті — сыйластық
"Адам - сыйлағанның құлы" демекші, қазақ өзіне құрмет көрсеткенге барын ұсынып, төрден орын береді, қажетін өтейді. Ал сыйлағанды түсінбеген жанға "Сиыр сипағанды білмейді" деп, сәлеміне лайық әдеп көрсетеді.