Басты бет Жаңалықтар ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы болып тағайындалып, Жасұлан Сәрсембайға құрылым бастығының орынбасары қызметін уақытша атқару жүктелді.

Фото: Аkorda.kz

Ардақ Әшімбекұлы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Ардақ Әшімбекұлы
Ардақ Әшімбекұлы. Фото: Іnform.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бірінші департаменті үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Сәрсембайға жүктелді, — делінген хабарламада.

Президенттің жарлығымен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Жүсіпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version