Ардақ Әшімбекұлы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бірінші департаменті үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Сәрсембайға жүктелді, — делінген хабарламада.
Президенттің жарлығымен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Жүсіпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.