Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 2019 жыл ресми түрде Жастар жылы болып жарияланды

Қазақстанда 2019 жыл ресми түрде Жастар жылы болып жарияланды

Президент Жастар жылын өткізу жөнінде қажетті шараларды қолға алуды Үкіметке тапсырды.

Фото: Іslamnews.ru

Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

Жастарды кешенді қолдау мақсатында қаулы етемін: 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын, — делінген жарлықта.

Жарлықтың орындалуын ҚР Президенті әкімшілігі бақылайды. Мемлекет басшысының жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 5 қазанда халыққа арнаған Жолдауында айтқан еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version