Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев роботталған хирургия орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаев роботталған хирургия орталығында болды

Президент медицинада инновациялық шешімдерді қолданудың маңызды болып тұрғанын айтты.

Фото: Аkorda.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл орталықтың негізгі міндеті — роботталған хирургияны құру, дамыту және оны практикалық медицина саласына енгізу. Нұрсұлтан Назарбаев медицинада инновациялық шешімдерді қолданудың маңызы туралы және роботталған хирургия орталығында жасалатын операциялардың бүкіл өңір үшін бірегей екенін айтты.

Назарбаев хирургия орталығында
Фото: Аkorda.kz

Мұндай үлкен бастама халқымыздың игілігіне бағытталған. Медицина саласын роботтандыру мамандарымыздың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай орталықтың ашылуы — отандық денсаулық сақтау саласындағы маңызды оқиға. Бұл көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, — деді Президент.

Фото: Аkorda.kz

Елбасы орталықта ем алушылармен әңгімелесіп, Президенттің Іс басқармасы Медицина орталығының жалпы жұмысы және оны дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен құрылған роботталған хирургия орталығы медицина мамандарын даярлап, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етпек. Сонымен бірге клиникалық сынақтар өткізіп, әлемдік деңгейдегі заманауи роботталған технологияларды қолдана отырып, ғылыми әзірлемелер дайындайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version