Басты бет Жаңалықтар Елімізде орташа айлық жалақы мөлшері өзгерді

Елімізде орташа айлық жалақы мөлшері өзгерді

Қазан айында Қазақстанда 8,7 миллион адамның жұмыс істейтіні анықталды.

Фото: Тengrinews.kz

Қазақстанда орташа айлық жалақы мөлшері 164 552 теңге болды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметі осындай.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы сәуір айында медиана жалақы 106 253 теңге болды. Қазан айында Қазақстан экономикасында 8,7 миллион адамның жұмыспен қамтылғаны анықталды. Оның 6,6 миллионы — жалдамалы жұмысшы. Қазан айында жұмыссыздар саны 442 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі — 4,8%.

2018 жылдың қазан айында еңбекпен қамту органдарына тіркелгендердің саны 142 300 адам болды. Тіркелген жұмыссыздардың саны жұмыс күші санының 1,6%-на тең.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version