Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жарияланды

Серік Жұманғарин. Фото: Kursiv.kz

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге сөгіс жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берген тапсырмаларын орындау барысына арналған Үкімет отырысында белгілі болды.

Менің өкіміме сәйкес осы саланы басқаратын вице-министрге — Жұманғаринге сөгіс жарияланды, — деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында жылу мен электр энергиясы тарифтеріне қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын талқылау кезінде.

Үкімет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан соң тарифті азайту мен тариф қалыптастыру жүйесінің шынайылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданғанын айтты.

Комиссия құрамында Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері мен Бас прокуратураның өкілдері бар, осындай құрамда жұмыс тобы құрылды. Оның негізгі мақсаты — түпкі тұтынушыға арналған тарифті азайту. Қазір электр энергиясының өзіндік құнын анықтау әдістемесі жасалып жатыр, табиғи монополияларды мақсатты пайдалануға бақылауды күшейту және монополияға қарсы қызметті күшейту жөніндегі заңнаманы жасау басталды, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-министр Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері алдына 1 желтоқсанға қарай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді төмендетудің жүйелі шараларын дайындау міндеті қойылғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version