Қала күні. «Алма-Базарда» 100 тонна алма таратылады

Бұл туралы ақпарат Алматы қаласының ресми ақпараттық сайтында жарияланды.

Қалада  2, 3, 4 қыркүйек күндері Абай алаңында сағат 19.00-де ашық аспан астындағы «Оркестрлер шеруі» VII фестивалі ашылады. Фестивалдің алғашқы күні Арман Жүдебаевтің басқаруымен және «Сазген сазы» фольклорлық –этнографилық ансамбльдің қатысуымен Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетеді. Екінші күні қала тұрығндары мен қонақтары үшін 80 жылдардың хиттері шырқалады. Композициялар Қанат Ахметовтың басшылығымен үрлемелі оркестердің орындауда жүзеге асады. Соңғы күнгі концертті Мемлекеттік академиялық оркестр қорытындылайды.

3 қыркүйекте сағат 10:00 нан 17:00 аралығында Ғылым академиясы алаңында ( Уәлиханов/Шевченко көш) III « KitapFest » алматылық кітап фестивалі өтеді.

4 — 8 қыркүйек аралығында ЮНЕСКО аясында Халықаралық Балалар Бейбітшілікті суретке салады. «Азия» фестиваліне Орта Азия мен Азия — Тынық мұхит өңірінен 7 мыңнан астам жас суретші қатысады.

Қала күні 18 қыркүйек, жексенбі күні мерекеленеді. Сағат 11.00 ден 18.00 дейін жыл сайынғы «АЛМА fest -2016» фестивалі, түрі ойын- сауықтартар ұйымдастырылады.

«АЛМА ОТБАСЫ» — балалар аттракционы,түрлі ойындар, отбасылық старттар, көңілді аниматорлар келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлауды жоспарлап отыр. «АЛМА АРТ» — ашық аспан астындағы галереясында суретшілер өз шеберліктерін ұсынады. Арнайы конкурста көркем сурет бәсекесі өтеді. «АЛМА-ЭТНО» — театрландырылған қойылымда халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен салттары көрсетіледі. Қонақтар ұлттық дәмнен ауыз тиеді. «АЛМА-ЖАСТАР» — формальді емес жастар мен түрлі субмәдени ағымдағы жастарға арналған. Көше биі бойынша арнайы конкурс өтеді. «АЛМА-КАРАОКЕ», мұнда Алматы туралы ескі әндер айтылып, ән байқауы өтеді.«АЛМА-ӘУЕН» аумағында қазақстандық өнер жұлдыздарының концерті болады. «АЛМА-БАЗАР» атты негізгі алаңда Алматы облысының 20 шаруашылығынан жеткізілген 20 түрлі 100 тонна алма келушілерге ұсынылады.

Қала күні мерекесінде «Алматы Арена» Мұз сарайында ЮНЕСКО-ның, бауырлас қалалар мене өзге де делегациялар өкілдерінің қатысуымен «Алматының 25 шыңы» атты мәдени шара өтеді. Мереке соңы « Apple Fire » отшашуына ұласады.

ДереккөзBaq.kz