Руслан Сегізбаев Астана әкімдігінің этика жөніндегі уәкілі болып тағайындалды

Ол бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі Персоналды басқару және стратегия департаментін басқарған.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов аппарат кеңесінің отырысында әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған Руслан Сегізбаевты таныстырды.

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Руслан Сегізбаев 1976 жылдың 27 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2008 жылы Еуразиялық нарық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Статистика агенттігінің ауыл, орман және су шаруашылығы статистикасы басқармасы сараптама және есептік жұмыстар бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2007 жылы ҚР Статистика агенттігінің ұлттық есеп жүргізу департаменті экономикалық баланс және құрылымдық статистика басқармасы құрылымдық статистика бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. 2009 жылы ҚР Статистика агенттігінің тіркелімдер мен топтастыру департаменті әлеуметтік тіркелімдер басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды. 2012 жылы ҚР Президенті әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығының сарапшысы қызметіне тағайындалды.

2014 жылы ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, сол жылдың қазанында ҚР Қаржы министрлігі есептілік және статистика департаменті директорының орынбасары болды. 2016 жылы ҚР Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. 2017 жылдың шілдесінен осы кезге дейін ҚР Қаржы министрлігі Персоналды басқару және стратегия департаментін басқарды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елена Рыбакина «Мастерс » турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. 

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 17 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

ҰҚК: Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 мүшесі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш қалада арнайы операция жүргізді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура 19 наурызда өтетін мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды.

Қазақстанның 15 өңірінде дауыс беру аяқталды

Қазақстанның 15 өңірінде мәжілісті және жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды.

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 23 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.