Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?

2018 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар қосымша 4 күн, барлығын қосқанда 13 күн демалады.

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні. Мереке сенбіге түсіп тұрғандықтан демалыс күні 3 желтоқсанға ауыстырылды. Осылайша қазақстандықтар 1, 2, 3 желтоқсан күндері демалады.

16 және 17 желтоқсан — Тәуелсіздік күні. 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар 15, 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалады.

Ал Жаңа жыл төрт күн тойланады. 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін демалыс. 29 желтоқсан (сенбі) жұмыс күні, демалыс 31 желтоқсанға ауыстырылады.