Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру – қазақтың ықылым заманнан бері бұлжытпай сақтап келе жатқан ата дәстүрі, танымы. "Сен демек қиын емес пе, бұрынғы туған үлкенге?" - деп Шортанбай Қанайұлы айтқандай, халқымыз қазыналы қартын құрметтеп, кейінгі ұрпаққа қашанда "сіз", "біз" деп сыйласып жүруді өсиет еткен.