Астана әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланы санитарлық тазалауға 1822 жұмысшы шықты. 9 қарашада жолдарға құм-тұз аралас қоспаның 630 текше метрі себіліп, қала сыртына шығарылған қардың көлемі 3968 текше метр болды.
Астана әкімдігі тұрғындардың коммуналдық мәселелерді, оның ішінде қар тазалауға қатысты барлық мәселені iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе 109 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласып шешуге болатынын ескертті.