Директорлар кеңесінің шешімімен Ерлан Дмитрийұлы Дүрмағамбетов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Дүрмағамбетов 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1994 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электр техникалық университетін (РФ), 1999 жылы Айова штатының ғылым және техника университетін (АҚШ), 2018 жылы Крэнфилд университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру докторы.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары корпоративтік секторда, соның ішінде Oracle Nederland BV өкілдігінде, «Делойт и Туш» ЖШС, «Скала Казахстан» ЖШС жұмыс істеген.
2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК-да басшылық лауазымдарды атқарған.
2007-2010 жылдары ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары. 2010 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған.