Басты бетЖаңалықтарПрезидент өкімімен...

Президент өкімімен ҚР ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметіне басшы тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директорын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Тамерлан Телманұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры болып тағайындалды, — делінген Президент қол қойған құжатта.