«Қазгидромет» РМК мамандары 6 қараша күнгі ауа райына болжам ұсынды.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және еліміздің қиыр батысында күн ашық болады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерінде түнде 15-20 м/с жел соғады. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қостанай облысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында күндіз жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.