Жиында көші-қон саласында ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу, ТМД елдері аумағында уақытша еңбек қызметі үшін азаматтарды ұйымдасқан түрде іріктеу және реадмиция туралы мәселелер қаралды. Бұл туралы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеңес отырысында заңсыз көші-қонның жолын кесуді бірлесе алдын алу, арнайы шаралар өткізу, көші-қон саласында жалған құжаттар жасау тәсілдерін анықтау мәселелері талқыланды.
Қазақстан делегациясының басшысы, Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев заңсыз көші-қон арналарын анықтауға нақты шараларды атап, қосарланған азаматтыққа қарсы тұрудағы проблемаларды қозғады және ақпарат алмасу туралы келісім жасасуды ұсынды.
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің, ТМД Атқарушы комитеті мен Парламентаралық ассамблеяның, Еуразия экономикалық комиссиясының өкілдері қатысты.