10 қарашада Астанада Денис Тенді еске алуға арналған D10 WORLD сурет көрмесі ашылады. D10 WORLD фотокөрмесін ұйымдастыруды қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының достары мен жақындары қолға алған. Бұл туралы атақты әнші Димаш Құдайберген instagram парақшасында жазды:
Сіздерді Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге шақырамыз. Көрмеде Денистің өзі түсірген суреттері ұсынылатын болады және әйгілі спорттық жарыстардан естелік фотосуреттер мен әріптестері мен достарының бейне-жобаларын да тамашалай аласыздар, — деп жазды Димаш Құдайберген.
Фотокөрме 10 қарашада MEGA Silk Way сауда орталығында сағат 17.00-де ашылады. Кіру тегін.
Еске сала кетейік, D10 WORLD фотокөрмесін Денис Теннің әріптестері мен достары Алматыда да ұйымдастырған еді.