Астанаға тағы да 1100 тонна көмір әкелінді. Оның 686 тоннасы «Қаражыра» маркалы көмір болса, 414 тоннасы «Майкөбе» көмірінен алынды.
Астанада «Шұбаркөл» маркалы көмірінің бағасы – 13 600 теңге, «Қаражыра» – 13 500 теңге, «Майкөбе» – 12 500 теңге, «Богатырь комир» – 9 000 теңге, «Кузнецкийдің» тоннасы – 12 250 теңге.
Қалада көмір сатумен 8 компания айналысады. Бұған дейін, Астана әкімдігінде өткен кездесуде отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған еді
Қалада көмірдің жалпы қоры сейсенбі күні 11072,55 тонна болған еді.