Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,9 триллион теңге болды. 2017 жылдың қазанынан бері өсім 18% болды, яғни 1,4 триллион теңгеге жоғары. 2018 жылдың басынан бері өсім 1,1 триллион теңге немесе 14% болды.
Ай сайынғы ең төменгі зейнетақы төлемі кесте бойынша (2018 жылы зейнет жасына жетуіне байланысты төленетін) 15 273 теңге болды, ай сайынғы орташа төлем — 20 179 теңге, ай сайынғы ең жоғарғы сома 337 059 теңге болды, — деді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.
2018 жылдың 9 айында 338 300 жеке зейнетақы шоты ашылған. Зейнетақы жинақтарының көп бөлігі — міндетті аударымдар, оның көлемі — 8,7 триллион теңге. Ай сайынғы жарнаның орташа сомасы — 15,6 мың теңге. 9 айдағы аударымдардың орташа сомасы — 617 миллиард теңге. Былтырғы осындай кезеңде бұл көрсеткіш 553 миллиард теңге болған.
2018 жылдың 9 айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленген зейнетақы сомасы 130,9 миллиард теңге болды. Оның 70,7 миллиарды немесе 54%-ы — азаматтардың зейнет жасына жетуіне байланысты төленген төлемдер, 15,5 миллиарды немесе 12%-ы — сақтандыру ұйымдарына аударылған зейнетақы аударымдары, 24,6 миллиарды — азаматтардың басқа елге тұрғылықты мекенжайға көшуіне байланысты төленген төлемдер. 20,1 миллиард теңгесі — біржолғы төлемдер (марқұмды жерлеуге немесе оның мұрагерлеріне төленген төлемдер).