Астананың төтенше жағдайлар департаменті мұзда балық аулау мен аңшылық кезінде болатын қауіпті болдырмау шараларын жүргізді. Департамент қызметкерлері қалалық балық және аң аулау дүкендерін аралады.
Олар дүкенге келген адамдарға балық пен аң аулауға шығар алдында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.
Дүкендердің көрнекі орындарына қауіпсіздік ережелері туралы 40-қа жуық брошюралар таратылып, дүкендерге қосымша 150-ден астам көрнекі материал қойылды.
ТЖД қызметкерінің айтуынша, адамдар мұзда балық және аң аулауға шығар алдында келесі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауы керек: қатпаған мұзға шықпау (тым ауыр жүктелген көлікпен жүру), балық және аң аулауға шығар алдында ауа райы болжамдарын анықтау, жеткілікті жылы киіну, жылыну құрал (байланыс құралдары) жабдықтарын алу, таныс емес жерлерде аң немесе балық ауламау.